16 тамыздан бастап Ashyq жобасына қосылған кәсіпкерлік нысандар демалыс күндері жұмыс істейді
Алматыда 16 тамыздан бастап демалыс күнгі локдаун алынады, деп хабарлады ҚР ДСМ қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.
«2-16 тамыз аралығында демалыс күнгі локдаун режимі күшінде болады. Келесі аптадан бастап «Ashyq» жобасына қосылған нысандар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді», — деді ол.
Осы демалыс күндері, 14-15 тамыз күндері барлық нысандар, оның ішінде Ashyq жобасына қосылғандар өз жұмысын тоқтатуы тиіс. Бұл шектеулер мына мекемелерге қатысты емес:
орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері (оның ішінде шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, зоомагазиндер), дәріханалар және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары;
құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын ұйымдастыру;
байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, Тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау және басқалар);
гүл дүкендері, фотосалондар;
туркомпаниялар, бизнес-орталықтар;
қызметтің жекелеген түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта»бөлімшелері);
қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кетуге және жеткізуге арналған.
Келесі аптадан бастап жұмыс күндері және Ashyq-қа қатысушы, кейбір демалыс орындары Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30 шілдедегі №25 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істей алады.
13 тамыз таңертеңгі мәлімет бойынша, Алматыда COVID-19 жұқтырудың 1507 жағдайы тіркеліп, 21 адам қайтыс болды.
Алматы қаласы ҚДБ-ның 12 тамыз күнгі мәліметі бойынша, ковидтік госпитальда 8910 адам жатыр. Инфекциялық ауруханада 5805 адам (235 бала) ем қабылдап жатыр.
Жансақтау бөлімінде — 405 адам, ӨЖЖ аппаратында — 63 адам, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында — 165, High Flow-да 169 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 301 пациент бар, оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 11 770 науқас. 531 адамда коронавирус белгілері жоқ.