ҚР СІМ Ресей әуежайында тиісті құжаттары болмағаны үшін екі тәулікке қалып қойған Қазақстанның 15 жасар азаматшасына қатысты жағдайға түсініктеме берді
Естеріңізге сала кетейік! Томирис Айтжанова, кіру үшін қажетті құжаты болмағаны үшін екі күн Санкт-Петербург әуежайында болды.
Ведомствоның мәліметінше, қыз Санкт-Петербургке Ыстамбұл арқылы ұшып келген. Туысының айтуынша, ол Ресейге емделу үшін келген, алайда тиісті құжаттары болмаған.
Сонымен қатар, Ресей ФСБ Шекара қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметтердің бірыңғай порталында Томирис туралы ақпарат жоқ.
«Дегенмен, Қазақстанның Бас консулдығы барынша көмек көрсетті және кәмелетке толмаған азамат Ресей аумағына жеке тәртіппен жіберілді», — деп атап өтті қазақстандық СІМ.
«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасынан өту ережелерін мүлтіксіз сақтауын сұраймыз», — деп атап өтті ведомстводан.
СІМ түсіндіріп өткендей, қыз Ресейге емделу үшін келмеген.
«Біздің азаматтар шет елдің ережелерін ұстанғысы келмейді, ал бірақ БАҚ-та шу шығарып, өз мәселесін шешуге тырысады. Ол емделуге келген жоқ, барлық ережелер туралы біле тұра, Санкт-Петербургке заң бұзушылықпен ұшып кетті», — деп мәлімдеді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, оқиғаға қыздың кінәсі жоқ екенін, жауапкершілік оның ата-анасына жүктелетінін, олар жағдайды біліп, баланы Ыстамбул арқылы саяхаттауға жалғыз жіберді