14 наурызда Қазақстанның қор биржасында доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында 14 наурыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеді. Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, сағат 15:30-дегі жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге төмендеп, 449,16 теңге болды.

Сондай-ақ биржада Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 0,18 теңгеге көтеріліп, 62,14 теңге болды. Ұлттық банк еуро бағамын 491,68 теңге және рубль бағамын 4,91 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 449,1-451,1 теңге, еуро — 491-495 теңге, Ресей рублі — 4,83-4,95 теңгені құрайды.

Бұл ретте әлемдік нарықтарда мұнай бағасы көтерілді. ICE Futures электрондық сауда-саттығында мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы барреліне 0,24%-ға өсіп, 84,23 доллар болды. NYMEX-те сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстерінің бағасы 0,25% өсіп, барреліне 79,92 долларға жетті.

Добавить комментарий