Алматы қалалық соты Алматыда заңгер Айман Асанованы өлтірген ер адамға қатысты шығарылған үкімнің күшін жойды.
Алматы қалалық соты заңгер Айман Асанованың өліміне қатысты шығарылған үкімге жәбірленуші тарап түсірген апелляциялық шағымды ішінара қанағаттандырды.
Алматы қалалық сотының сот алқасы 27 маусымда апелляциялық шағымды қарады. Сот үкімі бойынша, бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылды.
«Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 17 мамырдағы Талғат Нұртаевқа қатысты шығарылған үкім жойылып, іс сол сотқа жаңадан қарауға жіберілсін», — деп хабарлады соттағылар.
Судья жәбірленуші Сахиджанов пен оның өкілдері: адвокаттары Өтебеков пен Көпбарованың апелляциялық шағымын ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.