Әзірбайжан Арменияға байланысты ҰҚШҰ-ға кірмейді

Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, оның елі Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының (ҰҚШҰ) құрамына неге кірмейтінін айтты.

Рашад Мамедов құрамында Әзірбайжан аумағын басып алған ел бар ұйымға Әзірбайжан кіре алмайды немес мүшесі бола алмайтынын мәлімдеді.

«Армения… Әзірбайжан жерінің аумағын 30 жыл бойы басып алып отыр. Қазір әрбір жетінші әзірбайжан босқын мәртебесінде болды. Қандай одақ туралы және қандай өзара жеңілдіктер немесе өзара ымыраға келу, жауапкершілік туралы сөз болуы мүмкін? Біз агрессормен одақта бола алмаймыз», — деп жауап берді Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі.

Бұған дейін Рашад Мамедов Қазақстанды Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатыспауға және азаттық соғысында Әзербайжанды моральдық тұрғыдан қолдауға шақырған болатын.

27 қыркүйекте Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы байланыс желісіндегі елді мекендерді атқылағанын мәлімдеді. Қайтыс болғандар бар. Өз кезегінде Армения қорғаныс министрлігі Қарабақтың Әзірбайжан тарапынан «әуе және зымыран шабуылдарына ұшырағанын» хабарлады.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшысы Араик Арутюнян соғыс жағдайын енгізді.

Өз кезегінде Армения атыс Әзірбайжан тарапынан басталғанын, соғыс жағдайын енгізгенін және жалпыға бірдей мобилизациялау жариялағанын мәлімдеді.

Қазақстан қақтығыстың өршуіне терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды келіссөздерге шақырды. Бірқатар мемлекеттер, оның ішінде Ресей де тараптарды ұстамдылыққа шақырды. Бұдан басқа, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанжал аймағындағы кең ауқымды ұрыс қимылдары туралы хабарламаларға байланысты алаңдаушылық білдірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Армения мен Әзірбайжанды атысты дереу тоқтатуға және алдын ала шарттарсыз пәндік келіссөздерге кірісуге шақырды, сондай-ақ ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларының орталық рөлін толық қолдайтынын білдірді.

Добавить комментарий