Елордалық ҚДБ басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, жансақтау бөлімінде 230 пациент бар, оның 70-і өте ауыр халде жатыр, ал 47 пациент өкпені жасанды желдету апаратында емделуде.
Елорданың бас дәрігерінің айтуынша, елорданың көптеген тұрғыны дәрігерге қаралудың орнына өзін-өзі емдеймін деп қателік жасайды..
Өзін-өзі емдеймін деп стационарларға түсетін науқастардың қатары көбейіп жатыр. Медициналық көмекке уақытылы жүгінбеу, антикоагулянттар пайдаланып емделудің салдары ауыр күйде реанимацияға жеткізіп жатыр, — деп атап өтті Мұратов.
Нақтыланғандай, қазір жедел медициналық жәрдем бригадалары, сондай-ақ БМСК ұйымдары жанындағы мобильді бригадаларға үлкен жүк түсіп отыр. Мәселен, өткен тәулікте елорданың жедел жәрдем қызметіне 4 мың өтініш түсті, қоңырау саны – 2 300, КВИ бойынша қоңырау – 310.
Мобильді бригадалар күніне 2 мыңға жуық үйге шығады. БМСК ұйымдарында 10 600-ден астам пациент емделіп жатыр. Айта кету керек, ауыр күйдегі науқастардың бәрінде қосымша 1-2 ауруы бар, — деп хабарлады спикер.
Ол сондай-ақ 30 және одан жоғары жастағы адамдар жиі түсе бастағанын айтты.
Тимур Мұратов халықты жаппай вакцинациялау ғана коронавирус ауруының өсуін тоқтататынын еске салды. Бұл үшін қалада барлық жағдай жасалған – БМСК мекемелерінде, қаланың ірі СОО-ларында демалыс және мереке күндері жұмыс істейтін 100-ден астам егу пункті бар.