Өзін-өзі атты: Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қайтыс болды

Қазақстанда тағы бір әскери қызметші қаза тапты. Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өзін-өзі атып, алған жарақатынан қайтыс болды.

«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 15.15-тер шамасында қызметтік міндетін орындау кезінде келісім шарт бойынша әскери қызметші Сабыров Абылай Берікұлы, (2001 жылы туылған) 3650 әскери бөлімінде Алматы қаласында өзіне бекітілген тапаншамен өзін-өзі атып, алған жарақатының нәтижесінде қайтыс болды», — деп хабарлады Ұлттық ұлан.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», — деп атап өтті ведомстводағылар.

Өзге  де  мәліметтер  тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды.

Добавить комментарий