«Мен өзімнің қорғалушыммен кездесуге келдім. Мені оған кіргізген жоқ. Оған ешкімді жібермеу керек деген экономикалық тергеу департаментінің хатын алға тартып отыр. Мен сол хатты көрсетулерін сұрадым, өкінішке қарай, құжатты маған көрсетпеді. Мен бұл әрекеттерін адвокаттық қызметке кедергі келтіру деп бағалаймын», — деді Адам журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында.
Адвокат екі сағатқа жуық заңды негізсіз кездесуге кіре алмай отырғанын айтты.
Сондай-ақ, ол себебін анықтау үшін тергеушімен хабарласқанда кездесу туралы ешқандай қаулы шығарылмағаны белгілі болған.
Мұрат Адам қорғау құқығын бұзылғаны туралы арыз беру үшін полицияны шақырғанын айтты.