Журналист экс-депутаттың шабуыл жасағанын мәлімдеді

Журналист Айнұр Қоскина бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан шабуыл жасағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарына берген арызында бұрынғы мәжілісменнің журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіруіне байланысты шара қабылдауды сұрады.

Vesti порталының тілшісі Айнұр Қоскина мәжілісте өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханның шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Айнұр Қоскинаның айтуынша, мәжіліс ғимаратында Бекболат Тілеуханнан сұхбат алмақ болғанда телефон штативін сындырып, басынан ұрған. Журналист шенеуніктен көп әйел алуға көзқарасы туралы сұраған.

«Мен көп әйел алған адаммын. Мен полигамдық некедемін, мен мұны ешқашан жасырған емеспін. Менің байқауымша, сіз қарсысыз. Бұл менің тағдырым», — деді экс-депутат.

Айнұр Қоскина Қазақстанда көп әйел алуға ресми тыйым салынғанын еске салды.

«Сен тұрмысқа шықпағаныңа мен кінәлімін бе?» — деп жауап берді Бекболат Тілеухан лифтіге кіріп бара жатқанда.

Журналист бұрынғы депутатпен бірге лифтіге кірмекші болғанда, ол оны итеріп жіберді.

Дегенмен Айнұр Қоскина бұрынғы депутатпен бірге лифтіге кіріп үлгерген, оның айтуынша ол күш көрсеткенін. Журналист болған оқиғаны видеоға түсіріп алған. Ол видеоны кейінірек жариялауға уәде берді.

Аталған оқиғадан кейін журналист полицейлерді шақырды. Ол ҚР ҚК «Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бабы бойынша арыз жазғанын хабарлады.

Бұл кезде экс-депутат парламент ғимаратынан шығып үлгерген.

Informburo.kz редакциясы Бекболат Тілеуханға хабарласпақ болғанымен, телефон нөмірі байланыста болмаған.

Добавить комментарий