Жол жөндеу жұмыстары: ҚР-да жолаушылар пойыздары кешігуде

Пойызбен жолға шықпас бұрын, Қазақстанда теміржолдардағы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар пойыздары кешігіп келетінін ескеріңіз.

Жолаушылар пойыз кешігіп келсе, әр сағаты үшін өтемақы ала алады.

Темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылып отыр, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ.

«Темір жолдарды жаңғырту осы жылы сәуір айында басталды. Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін және жүк, жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған. Жөндеу штаттық тәртіпте, кешіктірілмей жасалуда», — деп хабарлады ведомстводағылар.

«ҚТЖ» ҰК «АҚ жұмысты тезірек аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылданатынын сендірді, сондай-ақ келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

«Темір жол көлігі туралы» заңның 80-бабына сәйкес жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін айыппұл салынады. Тасымалдаушы жолаушыға билет құнынан 3 пайыз көлемде кешіккен әр сағат үшін айыппұл төлеуге міндетті.

Өтемақыны алу үшін жолаушы вокзалдағы кезекшіден жол жүру құжатына міндетті түрде пойыздың кешіктірілгені туралы белгі соқтырады. Әрі қарай жолаушы сол құжат арқылы, сонымен қатар жеке куәлігін алып «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кез келген кассасына барып, заң бойынша өзіне тиесілі өтемақыны алады.

Добавить комментарий