Жол жұмысшыларының жалақысы көтерілді

Қазақстанда жұмысшылардың жалақысы үштен бір есеге артты. 2023 жылдың басынан бері жол жұмысшыларының жалақысы 30% — ға көтерілді. Еңбекақысы артқан қызметкерлердің қатарына республикалық маңыздағы тасжолдар желісін тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын негізгі өндірістік персонал қызметкерлері мен қосалқы өндіріс қызметкерлері жатады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ баспасөз қызметі.

«Естеріңізге сала кетейік, қыс мезгілінің басынан бері жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Жол жұмысшылары күндіз-түні қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, жолда қиын жағдайға тап болған республикалық трассаларды пайдаланушыларға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда. Қаңтар айында республикалық маңыздағы автожолдар көктайғаққа қарсы 17 мың м3 құм-тұз қоспасымен өңделді», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий