Жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі, 29 жастағы ер адам рөлді басқара алмай қалып, Өскемен-Алтай тас жолында жыраға құлап, қаза тапты

Тас жолдың 16-шы шақырымында Lexus маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, жыраға аударылып кетті.

Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 19 жасар жолаушы түрлі дене жарақатымен Өскемендегі ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы — абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады ШҚО ДП.

Добавить комментарий