Жол апатынан полиция инспекторы қаза тапты

Қарағанды облысында адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы болды, соның салдарынан жол полициясының инспекторы көз жұмды

Екатеринбург-Алматы тас жолының Балқаш қаласынан Қарағанды ​​бағытындағы 45 шақырымдық жолда таңғы сағат 6-40-та «Volvo» жүк көлігі мен облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы мінген «Kia rio» көлігінің қатысуымен жол апаты жол апаты орын алды

Қарағанды облысы ПД-ның хабалауынша, апат салдарынан қызметте болған облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы 46 жастағы Хайдар Оразбаев алған жарақаттарынан қайтыс болды, ал арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды облысының ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев Ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс қызмет атқарып келеді. Үйленген. тТөрт баласы бар.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Добавить комментарий