Жол апатынан алты айлық сәби көз жұмды

Қарағандыда алты айлық сәби Жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Оның анасы мен көлік жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 29 қараша күні сағат 08:20-да Майқұдық ауданындағы «Маяк» аялдамасының жанында, болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Маркс көшесімен келе жатып, Маркс-Лиговская көшесінің қиылысында бағдаршамның «сары» түсіне өтіп кетіп, 24 жастағы басқаруындағы Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысты, — деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан 25 жастағы жолаушы мен оның алты айлық баласы, сондай-ақ жүргізуші (барлығы Volkswagen Golf-те отырған) медициналық мекемеге жеткізілді, алайда алты айлық сәби алған жарақатынан қайтыс болды.
Аталған факті полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Добавить комментарий