2022 жылы жол ақысын төлемегені үшін 19 мыңнан астам қазақстандыққа айыппұл салынды.
2022 жыл қорытындылары бойынша Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері жол ақысын төлеуден жалтарудың 125 359 фактісін анықтады. 19 206 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен келіп түскен ақпарат бойынша, ҚР ӘҚБтК 622-бабының 2-бөлігі бойынша Республиканың барлық өңірлерінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 22 652 фактіні құрады, осылайша, Астана үлесіне жалпы құқық бұзушылықтар санының 84,8%-ы келеді», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
«City Transportation Systems» Астана тұрғындарынан қоғамдық көлікке кірген кезде жол ақысын уақытында төлеуді сұрайды.