Жоғалып кеткен бір топ студенттің соңғысы өлі күйінде табылды

«Сайрам-Өгам» шатқалында құтқарушылар Түркістан тауларында жоғалып кеткен бір топ туристтің соңғысының денесін тапты.

«Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. 22 маусым сағат 11.50-де Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапты», — деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілгенін атап өтті.

Іздестіру жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

25 мамыр күні сағат 18:30-да «112» пультіне Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті туристің жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу аттанған, 24 мамырда олар кері қайтуы керек болған. 28 мамырда жоғалғандардың үшеуі табылды, ал 29 мамырда екі туристің денесі табылды. 12 маусымда тағы бір туристің мүрдесі табылған. Іздеу жұмыстары 27 тәулік бойы жүргізілді.

Добавить комментарий