Жедел-тергеу шаралары барысында баланы өлтірген жігіт ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстың басқа дәлелдері туралы хабарланбайды.
Естеріңізге сала кетейік! ШҚО-да жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды.
Кешке қарай әлеуметтік желілерде қорқынышты хабар таралды. Зубовск кентінің әкімі Владимир Морозов ақпаратты растады.
Хабарлама келіп түскеннен кейін дереу «Дабыл» белгісі жарияланды, полицияның барлық жеке құрамы, еріктілер, сондай-ақ ауылдың бей-жай қалмаған тұрғындары баланы іздеуге кірісті.
Іздеу шаралары тоқтатылды, баланың денесі зорлық-зомбылық өлім белгілерімен Зубовск ауылының маңынан табылды, — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мән-жайлар анықталуда. Тәртіп сақшылары баланың жанында соңғы рет көрген ауыл тұрғынын ұстады.
«Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шарасы барысында күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ШҚО ДП бастығы Сағат Мәдиев.
Бұған дейін Эдуардпен 19 жастағы Зубовск ауылының жергілікті тұрғыны бірге болғаны деген ақпарат тараған болатын, содан кейін екеуі де белгісіз бағытқа кеткен.