Қарасай ауданындағы Алматы — Нұр-Сұлтан тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан әйел көліктңғ салонында қысылып қалды. Оны алып шығу үшін құтқару жасағының кезекш тобы шақырылды.
Алматы облысындағы жол апаты туралы хабарлама 2021 жылғы 22 сәуір күні келіп түсті.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысынан құрылған жедел топ оқиға орнына барды. Соқтығысқан көліктердің бірінің артқы орындығында отырған әйел адам есін біледі, алайда жарақаттанған екен. Оның сол қолы алдыңғы және артқы орындықтың арасына қысылып қалған. Құтқарушылар аса сақтықпен қолын босатып, артынан зардап шеккен адамды алып шықты», — делінген хабарламада.
Әйелді жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.