Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейн 15 тәулікке қамауға алынды. Оның полицейге шабуыл жасағаны хабарланды.
Мәскеудің Тверь соты саясаткер Владимир Жириновскийдің некесіз туған баласын әкімшілік қамауға алды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Бұған дейін тәртіп сақшылары Эдельштейнді мейрамханада төбелескені және патрульдік-бекеттік қызметтің (ПБҚ) инспекторына шабуыл жасағаны үшін ұстағаны хабарланған болатын.
Оқиға Лубянкадағы «Ткемали» мейрамханасында орын алды. Дереккөздің айтуынша, саясаткердің ұлы өзін агрессивті ұстап, қызметкерлерді балағаттап, ПБҚ инспекторын кеудесінен ұрған. Аталып өткендей, полиция қызметкері медициналық көмекке жүгінуіне тура келген.
Эдельштейн полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
РФ Тергеу комитеті (ТК) ІІМ қызметкеріне шабуыл жасау фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.