Жезқазғанда жаңа жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды

Жұқпалы аурулар ауруханасы орналасатын жаңа модульдік ғимарат тұрғызу үшін құрылысшыларға екі ай ғана уақыт қажет болды.

Жезқазғанда жұқпалы аурулар ауруханасын орналастыру үшін ғимараттың құрылысы аяқталды. Барлық жұмыстар аяқталды, құрылысшы-вахташылар тұрған палаталарды ретке келтіру қалды. Аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. 200 төсекке есептелген госпиталь 2020 жылдың қазан айының соңында пайдалануға беріледі.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласына жұмыс сапары барысында жаңа госпитальға барды.

«Ешқандай мәселе жоқ. Мерзімге сай жұмыс істеп келеміз. 15 қазанға дейін негізгі бөлікті аяқтап, іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық блоктарды аяқтаймыз, кереуеттерді қойдық», — деді құрылыс компаниясының өкілі Әсет Ыбыраев.

Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес келетін болады. Ол диагностика мен емдеуге арналған жаңа медициналық жабдықтармен  : компьютерлік томографпен, цифрлық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УЗИ, ЭКГ, ӨЖЖ және тағы басқаларымен жабдықталатын болады.

Бокстардың бөлек кіреберістері болады. Әр бокстың ішінде барынша оқшаулау қарастырылған. Оларға арнайы чиптер бойынша кіретін болады.

Госпитальда жоғары қауіпсіздік класы бар ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әрбір кереуетте постылық медбикені шақыру түймесі болады.

Жеңіс Қасымбекті кадр мәселесі қызықтырды: жаңа ауруханада кім жұмыс істейтін болады?

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, мамандар саны бойынша есеп жүргізілді. 204 қызметкер қажет, оның ішінде 50 дәрігер, 82 — орта медициналық персонал. Модульді жұқпалы аурулар ауруханасының штатына коронавирустық инфекцияның алғашқы толқынында жұмыс істеген жергілікті мамандар жұмыс істейтін болады. Күшейту үшін Қарағандыдан 23 дәрігер жіберу жоспарлануда.

«Жаз мезгілінде коронавирусқа қатысты жағдай Жезқазған аймағы үшін оңай болған жоқ, сондықтан қазір мұнда ерекше назар аударылуда. 200 төсектік заманауи модульді аурухана ашылады. Қосымша екі компьютерлік томограф, рентгеноаппараттары, жедел жәрдем машиналары жеткізіледі», — деді Жеңіс Қасымбек.

Ол Жезқазғандағы «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жас мамандарға 22 пәтер берілетінін хабарлады. Өңірде денсаулық сақтау басқармасының аймақтық өкілдігі құрылды.

Добавить комментарий