Жетісу облысында заңсыз темекіні жасыруға қолданылған Audi 100 маркалы автокөлік тәркіленді
24 шілдеде «Қорғас «ШХЫО» кеден бекетінде Audi 100 маркалы автокөліктен 102 блок темекі бұйымдары (салмағы 22,62 келі) табылды. аңсыз тауар автомобиль ішінде, яғни орындықтың артқы жағы мен автокөліктің багаж бөлімшесі арасында тауарды іздеуді қиындататын жасырын жерде жасырылған.
Бір айдан кейін іс бойынша сот қаулысы шығарылды, соған сәйкес көлік құралының иесіне 25 АЕК (86 250 теңге) көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу үшін пайдаланылған автокөлік пен контрабандалық тауарлар тәркіленді.
Айта кетейік, аталмыш қаулы әлі күшіне енген жоқ. Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес, бір жеке тұлға үшін 200 дана темекіні немесе 1 блокты құрайтын темекіні тасымалдау нормалары белгіленгенін еске саламыз.