Жетісу облысында ауқымды әскери оқу-жаттығу жиындары өтті

Жетісу облысынжа 1500-ден астам әскери қызметші мен мың жарымнан аса қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде армиялық, әскери-көліктік, майдандық авиация және ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысқан ауқымды оқу-жаттығу жиындары өтті..

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов және өзге де күштік құрылымдардың өкілдері бақылады.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – гибридті қауіп-қатер жағдайында әрекет етуге, әртүрлі прокси-күштерге қарсы тұруға дайындық. Оқу-жаттығуларға Қарулы Күштердің десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелерімен тактикалық оқу-жаттығу және «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізілді.

Жаттығуға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері мен бөлімшелері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар тартылды.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Шекара қызметінің әскери қызметшілері шекара учаскелерінің бірінен қарулы адамдар тобын байқайды. Ұтқыр топтар шартты шекара бұзушылардың бір бөлігін құрықтайды. Бұл кезде қалғандары жақын маңдағы елді мекенде жасырынып үлгереді.

Ішкі істер министрлігінің полиция департаменті жергілікті атқарушы органдар орналастырған сұрыптау пункті ауданына бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды ұйымдастырды. Десанттық-шабуылдау бөлімшелері артиллерия мен армиялық, майдандық авиацияның қолдауымен елді мекенді қоршауға алып, қарсыластың атыс нүктелері мен бекіністерін жойды.

Добавить комментарий