Жер пайдаланушылар туралы мәліметтер базасы әлі де қолжетімсіз

1 қаңтардан бастап ашық түрде іске қосылған мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (МЖК ААЖ) екінші апта қолжетімсіз.

«Бірнеше күннен бері техникалық жұмыстар жүргізілуде, жақын арада барлық проблемалар шешіліп, МЖК ААЖ жұмыс істейтініне сенімдімін. Баршаңыздан шын жүректен кешірім сұраймын!», — деп жазды Мұрат Теміржанов Facebook-тегі парақшасында.

Оның ақпараты бойынша, комитеталынған ескертулерді ескере отырып, барлық мүдделі тараптармен («Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «ҰАТ» АҚ және басқалар) қателер бойынша жұмыс жүргізуде.

«Тарихи проблемалар» болғандықтан, атап айтқанда, дұрыс енгізілмеген және/немесе бір жерде тіпті дұрыс емес деректер болғандықтан, базаны жаңарту ұзақ уақыт алады», — деп түсіндірді ол.

Бұған дейін жеке тұлғалардың есімдері мен Қазақстанның барлық жер пайдаланушылары компанияларының атаулары 1 қаңтардан бастап МЖК ААЖ-да ашық түрде пайда болғаны хабарланған болатын. Алайда, 3 қаңтарда бұл қызмет пайдаланушылардың көп ағымына байлансты туындаған ақаулықтан жұмысын тоқтатты.

Добавить комментарий