Желтоқсан айындағы мемлекеттік мерекелер саны азайды

Екі мемлекеттік мереке алынып тасталғанына байланысты желтоқсан айында қазақстандықтардың демалысы екі күнге қысқарды.

2022 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес мемлекеттік мерекелер тізімінен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні алынып тасталды.

Тәуелсіздік күні бір күн ғана — 16 желтоқсан аталып өтеді. Заңның бұрынғы редакциясында екі күн демалыс болған: 16 және 17 желтоқсан.

Сонымен қатар, 25 қазан — Республика күні жаңа ұлттық мерекеге айналды.

Сәйкесінше, қазақстандықтардың желтоқсан айында демалыс күндері қысқарды. 1 және 17 желтоқсан жұмыс күндеріне айналды.

Добавить комментарий