Қазақстан азаматшаларының біріне медициналық қызмет көрсету кезінде оның күйеуі фельдшерге шабуыл жасады, медицина қызметкері оған жедел жәрдем көлігінде спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салғаны үшін соққының астында қалды. Фельдшер ер адамға жедел жәрдем көлігінде сыра ішуге тыйым салғаны үшін зардап шекті.
Жедел жәрдем станциясы соңғы кездері қызметкерлерді ұрып-соғу жиілеп кетті дейді. Бірнеше күн бұрын Алматы облысында жедел жәрдем бригадасы шақыруға келгенде жүргізушіні соққыға жыққан. Олар дөрекі науқастар мен олардың туған-туыстары үшін жазаны қатайтуды талап етіп отыр.
Орын алған жағдайға Алматы облысы Қарасай ауданының жедел жәрдем станциясының жетекшісі Ольга Михневич түсініктеме берді.
«Осындай жағдайлардан кейін жастар бізге жұмыс істеуге келмейді. Өйткені олар өз өмірлері үшін алаңдайды. Қарасай ауданында соңғы үш айдың ішіндегі бұл төртінші шабуыл. Бұндай жағдайға душар болатынын ешкім біле бермейді, ал оны бастан кешіргендерде жұмыс істеуге құлшынысы жоғалады. Жедел жәрдем қызметкерлері адам өмірін сақтап қалуға барады, ал олар осындай жағдайға тап болады», — дейді дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік! Алматы облысында жедел жәрдем қызметінің медициналық қызметкеріне кезекті шабуыл жасалды. Оқиға Райымбек ауылында орын алды. Әйелден қан кетіп жедел жәрдем шақырған. 24 жастағы фельдшер Ислам Қуандықов науқасты ауруханаға жатқызу керек болған дейді.
«Біз көлікке отырғанда, ол әйеліммен бірнәрсеге дауласып жатты. Ер адамның қалтасында сыра болды, ол оны ішпек болғанда жедел жәрдем көлігінде ішімдік ішуге тыйым салдым. Сол кезде ол менің бетіме, қолыма және басыма соққы бере бастады. Бетімді жауып үлгердім, мені немен ұрғанын түсінбедім. Мен олардың үйінде болғанымда, ол өзін дөрекі ұстаған. Ақыры соңында жұдырық ала жүгірді», — деді Ислам Қуандықов.
Мас ер адамның қолынан жедел жәрдем жүргізушісі де зардап шекті. Ол оқиға орнына полицейлерді шақырды. Қолы сынған дәрігерді бірден травматология бөліміне жіберді. Фельдшер полицияға арыз жазды.
«Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, жауап алынды. Ол Райымбек ауылының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру кезінде оның орташа дәрежелі алкогольді күйде болғаны анықталды», — деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.