Жеңіс күніне орай әскери шеруге қанша қаражат жұмсалады

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне орай әскери шеру қаражатты үнемдеу мақсатында өткізілмейтін болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанда ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай әскеру шеру өткізілмейтінін мәлімдеді, өйткені қазір жауынгерлік дайындығы бойынша міндет маңызды.

«Қазақстанның қарулы күштерінің алдында маңызды міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы бізге айқындап берді. Бәрін жүзеге асыру және бюджеттен қаражат сұрау – бәрін шығын. Бұл жанар-жағармай, іссапар шығындары, жеке құрамның тамақтануы. Біз оқу-жаттығуды енді ғана аяқтадық. Одан да маңыздысы — оқу-жаттығу ма немесе әскери парад өткізу ме? Біз бұл жағдайда әскерилердің жауынгерлік дайындығы мен тапсырмаларды орындауды ескере отырып, Қарулы күштерді даярлаумен айналысу орынды деп есептейміз», — деді Руслан Жақсылықов мәжілісте

Министрдің айтуынша, Жеңіс күніне жоспарланған барлық іс-шаралар өткізілетін болады. Оның айтуынша, бірінші кезекте 9 мамырда ардагерлерге құрмет көрсетіледі.
.

Добавить комментарий