Соңғы уақытта Қазақстанда коронавируспен ауырғандар саны артып келеді, кейбір өңірлер «қызыл аймаққа» өтті. Әрине, ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс. ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басшысы Жазира Ембердиева тілшіге берген сұхбатында ағзаны аурудан барынша қорғау үшін не істеу керектігін айтты.
Сарапшы аурудың алдын алу үшін санитарлық нормаларды сақтап, дұрыс тамақтану қажеттігін атап өтті. «Ағзаға ақуыздар, майлар мен көмірсулар қажет. Көкөніс пен жеміс-жидектерді көбірек жеу керек. Тәтті тағамдардан да бас тартудың қажеті жоқ, бірақ рұқсат етілген мөлшерде пайдалану керек, олар сіздің көңіл-күйіңізді көтереді. Таза ауада серуендеу керек», — деді Жазира Ембердиева.
Ол сондай-ақ белгілі бір мөлшерде сарымсақ тұтынуға болатынын айтты. Алайда, сарымсақ жей алмайтын адамдардың белгілі бір санаттары бар. Сондай-ақ, дәрігер қазақстандықтарға күнделікті гимнастикамен айналысуды ұсынады. Оның айтуынша, тыныс алу органдары үшін жаттығулар қажет. Олар өкпе жұмысына пайдалы. Сарапшының айтуынша, адам ауырып қалған күннің өзінде, иммунитет әрқашан қалыпты деңгейде болады.
«Ең маңыздысы — барлық адамдарға жүрек-қан тамырлары жүйесін нығайту керек. Ең алдымен ол өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Ол дене жүктемесі есебінен жаттығады», — деп түсіндірді дәрігер. Сонымен қатар, Жазира Ембердиева атап өткендей, адам ағзасы үшін ұйқы өте маңызды.
«Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтау қажет. Ұйықтар алдында үй-жайды желдету қажет. Ұйқыдан 2-3 сағат бұрын тамақтану керек. Бұл ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі. Күйзеліс пен мазасыздыққа салынбаңыз. Бұл инфекцияның ерекшеліктерінің бірі гипоксия, яғни оттегінің жетіспеушілігі болып табылады. Бұған күйзеліс пен мазасыздық да себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психологқа жүгіну керек, жақындарымен және достарымен көбірек сөйлесу қажет, бұл күйзелістен құтылуға көмектеседі», — дейді ол. Дәрігер санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне де тоқталды.
«Адамдар байланыстарын күшейтіп, қорқыныштарын ұмытып, уайым-қайғысын ұмытқан кезде сырқаттанушылық артады. Вирус ешқайда кетпейді. Оның үстіне, аурудың қайталану фактілері бар, бір рет ауырып шыққаннан кейін иммунитет қарсы тұра алмаса, онда қайтадан ауыруға шалдығуы мүмкін. Бұл мәселенің жалғыз шешімі вакцинация немесе ұжымдық иммунитетке байланысты, бірақ бұл ұзақ процесс», — деп толықтырды Жазира Ембердиева.