Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап барлық өңірде жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады.

Рейд жұмыстары қыс маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.

Еліміздің кейбір өңірлерінде жолды мұз жауып алған

Жүргізушілер жазғы дөңгелек жол апаты тудыруы мүмкін екенін мойындап отыр.

Көліктің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер жазаланды. Бірнеше жылдан бері жазғы дөңгелекпен жүруге заңмен тыйым салынған. Тәртіп бұзушыларға 14,5 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Келесі жылдан бастап АЕК көлемінің ұлғаюына байланысты айыппұл сомасы 15 мыңнан асады.

Техникалық регламент талаптарына сай қысқы дөңгелек тақпаған жүргізушілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 590-бабы 5-тармағына сәйкес, 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады (14 585 теңге сомасында), дейді Ақмола облысы ПД аға инспекторы Қуанышбек Әбенов.

Добавить комментарий