Жауапкершіліктен қашты: ер адам ұлын өлтіргеннен кейін өзіне қол жұмсады

Шығыс Қазақстанда қайғылы оқиға орын алды. Ер адам ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам өзінің 29 жасар ұлын атып өлтірген, кейін өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы оқиға туралы ақпаратты полиция растады. Олар ШҚО-дағы ауылдардың бірінде 59 және 29 жастағы екі ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 99-бабы (Адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

«Алдын ала болжам бойынша әкесі ұлына тіркелген аңшылық мылтықтан оқ жарақатын салған, одан ұлы қайтыс болған, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді полициядағылар.

Добавить комментарий