Жасөспірімдер TikTok-тағы видеоны қайталады: ата-аналары жазаланды

Елордада жасөспірімдер TikTok әлеуметтік желісіндегі видеоны қайталады. Олардың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланды. Жасөпірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды.

Балалар түнде 16-шы қабаттан 20 литрлік бөтелкені лақтырған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Әкімшілік іс Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Оқиғаның егжей-тегжейі. «Парк Авеню Эксклюзив» тұрғын үй кешенінде 15 жастағы екі кәмелетке толмаған балалар «Тик-Ток» әлеуметтік желісінде 20 литрлік бөтелкемен түсірілген бейнеэкспериментті көргеннен кейін, оны қайталауға шешім қабылдаған.

Содан кейін 20 литрлік бөтелкені сумен толтырып, оны 16 қабаттан лақтырып жіберген. Өтіп бара жатқан жолаушы бір жаққа қашып үлгерген.

«Бұл факт әлеуметтік желілердің кәмелетке толмаған жасына байланысты дамуы қалыптаспаған балаларға теріс әсер ететінін көрсетеді. Сотта балаларды үйде қараусыз қалдырған ата-аналардың кінәсі дәлелденді», — деп хабарлады соттан.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына 15 009 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Добавить комментарий