Жасөспірім көпқабатты үйлердің арасындағы саңылауға құлап кетті

Алматы облысы Бесағаш ауылында жасөспірім тоғыз қабатты екі үйдің арасындағы саңылауға құлап кетті.

Жазатайым жағдай  туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Алматы облысы бойынша ТЖД аталған оқиғаға түсініктеме берді.

«24 мамыр күні сағат 18:00-де Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында жазатайым жағдай болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ересектердің қарауынсыз қалған 2009 жылы туылған бала 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде балалармен ойнап жүріп, абайсызда сейсмотермошва (ені 60 см, ұзындығы 17 м) аралығына құлады. Жазатайым оқиға салдарынан бала оқиға орнында қайтыс болды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.

Алматы облысы бойынша ТЖД азаматтардан балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды сұрады.

Добавить комментарий