Жас кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген шағын несие: қыркүйектен бастап өзгерістер күшіне енеді

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жас жеке кәсіпкерлерге арналған жеңілдікті шағын несиелер жобасы кепілдікті қамтамасыз ету тізімін кеңейтеді. Бұл кәсіпкерлер өз жобаларын қаржыландыру үшін мүмкіндік артады деген сөз. Биыл барлығы 5796 шағын несие беру жоспарлануда.

ЖК тіркеу мерзімі бес жылдан аспайтын 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін шағын несие беріледі. Бұл кредиттер жобаның саласына байланысты бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзіммен жылдық 2,5%-дан аспайтын номиналды сыйақы ставкасы бойынша беріледі.

Алайда шағын несие беру үшін міндетті шарттардың бірі кепілдің болуы. Қыркүйектен бастап кепіл ретінде төмендегілерді пайдалануға болады:

Банк шоттарындағы ақша.
Мегаполистер мен кенттерді қоса алғанда, кез келген елді мекендердегі жылжымайтын мүлік.
Жеке меншік құқығындағы/бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері;
Арнайы техника.

Сондай-ақ, кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні тартуға болады.

Жеңілдікті шағын несиеге өтінім беру үшін Аграрлық несие корпорацияның филиалына жобаның бизнес-жоспарын және өтініш берушінің табысын растайтын құжаттарды қоса алғанда, бірнеше міндетті құжаттар тапсыру қажет.

 

Добавить комментарий