Жарты жылдың ішінде Түркістан облысына 870 шетелдік турист келді

Түркістан облысына шетелдік туристердің келу көрсеткіші өте төмен. Салынған қомақты инвестицияларға қарамастан, өңір олар үшін тартымсыз болып отыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың алты айында қонақ үйлерде барлығы 870 шетелдік туристке қызмет көрсетілді.

Мәселен, Алматыда 54,2 мың, Нұр-Сұлтанда 34,9 мың, Қостанай облысында 5,5 мың шетелдікке қызмет көрсетілді.

Жалпы, ҚР бойынша биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында қонақ үйлерде көрсетілген қызмет көлемі 44,6 млрд теңгені құрады.

Алматы (11,2 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (8,3 млрд теңге) және Ақмола облысы (4,5 млрд теңге) көш бастап тұр. Түркістан облысы тек 9-шы орында.

«Іс жүзінде, осы саланың дамуына қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, Түркістан облысы әлі күнге дейін жақсы нәтиже көрсетпеді.

Жыл басында өңір әкімдігі Түркістан әлемдік туризмнің орталығына айналатынына сендірген. Алайда осындай жетістікке жету үшін кем дегенде ел ішінде бәсекеге қабілетті болып, қазақстандықтар үшін тартымды болуы керек», — деп қорытындылады сарапшылар.

Анықтама үшін! 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Түркістанға 80,8 млрд теңге бөлінді.

Добавить комментарий