Жаппай тәртіпсіздіктерден Оңтүстік астанамыз бәрінен де қатты зардап шекті

Алматы әкімдігі ағымдағы жылғы қаңтардағы тәртіпсіздік пен тонау кезінде келтірілген залалдың 88%-ы Оңтүстік астанаға келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров мәлімдеді.

«Қазақстанға келтірілген залалдың 88%-ы Алматыға келеді», — деді Өсеров дүйсенбі күні зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту жөніндегі қалалық штабтың онлайн-отырысында.

Оның айтуынша, бүгін зардап шеккен денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының қыхметкерлеріне, ұлттық ұланға — жарақат алған және ауруханаларда емделіп жатқан 603 қызметкерге өтемақы төлеу басталды.

Сондай-ақ, бүгін «тәртіпсіздіктер» кезінде кезекшілікте болғандарға өтемақы төлеуді бастау жоспарлануда: жедел жәрдем, стационарлар, Құтқару қызметі, полиция департаментінің қызметкерлеріне. Өтемақы 3900 полиция қызметкеріне, ТЖ департаментінің 1200 қызметкеріне, қоғамдық денсаулық басқармасының 3900-ге жуық қызметкеріне және Құтқару қызметінің 93 қызметкеріне төленеді.

Добавить комментарий