Жапонияда Moderna вакцинасын салдырған тағы бір адам қайтыс болды

Жапонияда Модерна препаратын салдырған адамның қайтыс болғаны ресми түрде расталды.

Бұған дейін Жапонияда Moderna компаниясының COVID-19 қарсы препараттың бөгде заттар анықталған партиясынан вакцина салдырғандар арасында өлім-жітім тіркелген.

40 жастағы ер адам қайтыс болды. Ер адам 11 тамызда вакцина салдырып, келесі күні қайтыс болды. Бұл белгісіз қоспалары бар вакциналар партиясынан екпе салдырған үшінші жайт болып табылады. Сондай-ақ 38 және 30 жастағы екі ер адам қайтыс болған.

Өткен аптада Moderna компаниясы Денсаулық сақтау министрлігіне құрал-жабдықтардың ақаулығына байланысты металдар арасындағы үйкеліс салдарынан тот баспайтын болат бөлшектері вакцинаға түскенін айтты.

Тамыз айының ортасынан бастап Жапонияда Moderna вакцинасының мөрленген флакондарынан бөгде заттар табылды. Қоспалар туралы хабарламалар бес префектурада — Айти, Гифу, Ибараки, Сайтама және Токиодағы сегіз вакциналау орталығынан келіп түсті. Бөгде заттар 39 флаконнан табылды. Кейін, 29 тамызда тағы бір партиядағы препараттан анықталды. Бұл партиядан 400 жапон азаматы екпе салдырды. Екпе орталығында вакцинация тоқтатылды. Жапондық дәрі-дәрмек өндіруші Takeda Pharmaceutical Co. ел аумағында Moderna вакцинасын сатуға және таратуға жауапты, шамамен 1,63 миллион дозасын егу тоқтатылды.

Добавить комментарий