Жапондық ғалымдар коронавирустық инфекция жұққанда жарқырайтын бетперде ойлап тапты.
Киото префектурасы университетінің жетекшісі түйеқұстар ағзадағы бөтен заттарды бейтараптандыратын антиденелердің бірнеше түрін шығаруға қабілетті екенін анықтады.
«Ақпан айында ғалымдар зертханалық түйеқұстардың ағзасына COVID-19-дың белсенді емес түрін енгізді. Тәжірибе нәтижесінде дәрігерлер түйеқұс жұмыртқаларынан көптеген антидене алған.
Алынған материалдың негізінде ғалымдар флуоресценттік бояғышқа қосып, өңделген қорғаныс сүзгісін жасап, оны бетпердеге салған. Егер вирус бөлшектерімен байланыс болса, бетперденің ультракүлгін спектрде жарқырайды», — делінген хабарламада.
Бетпелерді сынауға 32 коронавирус жұқтырған пациент қатысты, тестілеу 10 күн бойы жүргізілді. Олар таққан барлық маскалардың ультракүлгін сәуле астында жарқырап тұрған.
«Одан кейін сынаққа қатысушылардың санын 150 адамға дейін көбейтті. Эксперимент тағы бетперденің тиімділігін растады, сондай-ақ Цукамото COVID-19 жұқтырғанын анықтады», — делінген БАҚ-та.
Келешекте бетпарданы әр адамға қолжетімді ету жоспарлануда.