Жапон билігі Күншығыс елінің Ресейдің достық қатынас орнатпаған елдердің тізіміне енгізілуіне байланысты наразылық білдірді.
«Ресейдің [Жапонияны] достық қатынас орнатпаған елдердің қатарына қосуы өкініш тудырады, біз наразылық білдірдік», — деді министрлер кабинетінің бас хатшысы Хирокадзу Мацуно.
Еске сала кетейік! Ресей 2022 жылғы 7 наурызда Жапонияны достық қатынас орнатпаған елдердің тізіміне қосты. Бұған дейін алған аттізімдегі елдер РФ ҚК Украинада арнайы операцияны бастағаннан кейін Ресейге қарсы санкция салды немесе оған қосылған болатын.
Жапония тағы 20 ресейлік пен екі ұйымға қарсы санкция салды.
Сондай-ақ, СІМ Беларуське қатысты санкциялардың қосымша тізімін жариялады, оған 12 жеке тұлға мен 10 беларусьтік компания мен ұйым кіреді
Бұдан басқа, Жапония үкіметі Ресейге мұнай өңдеу жабдықтарын экспорттауға тыйым салды.
Сонымен қатар, Жапония Ресейдің аумақтық тұтастығы туралы айта келе, Курил аралдарының оңтүстік бөлігіне қатысты өз ұстанымын өзгертпейтінін және осы аумақты «жапон» жері деп санайтынын мәлімдеді.
Сейсенбі күні Жапонияның СІМ басшысы Ёсимаса Хаяси парламенттік пікірталас барысында осындай мәлімдеме жасады.
«Солтүстік аумақтар (Жапонияда ресейлік оңтүстік Курил аралдарын осылай деп атайды) — бұл еліміздің егемендігі осы аумақты қамтиды, сондай-ақ ол әуел баста біздің аумағымызда болған. Бұл жөнінде ұстанымымыз өзгерген жоқ», — деді ол.
Бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэ кезінде Жапония осындай «әуел баста біздің жеріміз болған» деп айтылмаған. 28 ақпанда Жапония СІМ Еуропа департаментінің директоры Хидэки Уяма Ресей оңтүстік Курил аралдарын басып алды деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік! Ресей мен Жапония арасында Ұлы Отан соғысынан бері бейбітшілік орнаған жоқ.