Жапония мен Украина Киевке $164 млн көлемінде грант бөлу туралы құжатқа қол қойды.
Аталған қаражат, атап айтқанда, үйінділерді минадан тазарту және тазалауға бағытталады, делінген ашық ақпарат көздерінде.
Жапонияның Украинадағы елшісі Кунинори Мацуда мен Украинаны қалпына келтіру жөніндегі вице-премьер-министр — аумақтар мен инфрақұрылымды дамыту министрі Александр Кубраков 2 наурызда Киевте өткен кездесуде Украина билігіне 22,4 млрд иен (шамамен $164 млн) көлемінде грант бөлу туралы құжаттарға қол қойды. Бұл туралы жұма күні Жапония СІМ таратқан мәлімдемеде айтылған.
Аталып өткендей, бұл қаражат Украинаның инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге және үйінділерді тазалауға бағытталады.
17 қаңтарда Жапония Украинаға 7,8 млрд иен ($60,6 млн) несие бойынша төлемді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Несиені биыл Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) берген болатын. Ол бойынша төлемдер 2027 жылы басталуы тиіс еді.