Жапония Навальныйдың биологиялық сынамаларын талдау нәтижелері туралы мәлімдеді

Жапония билігі Алексей Навальныйдың биологиялық сынамаларына жүргізілген талдау нәтижелері туралы айтып, жағдайды тезірек шешуге үміт білдірді.

Бұл туралы сейсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като мәлімдеді.

«Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым (ХҚТҰ) Германия үкіметінің өтініші бойынша Навальный мырзадан алынған биоматериалдарға талдау жүргізді. Оларда химиялық жүйке-паралитикалық заттың болуы анықталды. Алайда оны кім қолданғаны әлі анықталмаған», — деді ол.

Министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Като Токионың «мүдделі тараптармен ақпарат алмасуға» ниетті екенін хабарлады

«Жапон үкіметі, — деп жалғастырды кабинеттің бас хатшысы, — адамгершілікке жатпайтын химиялық қаруды қолдануды қолдамайды және оған тыйым салуды дәйекті түрде жақтайды. Біз Навальный мырзаның жағдайын тезірек анықтауға үміттенеміз және мүдделі тараптармен ақпарат алмасуға ниеттіміз».

Анықтама! Ресей Сыртқы істер министрлігі «Новичок» улағыш заты батыс елдерінде синтезделгенін, ал Ресейде оның жоқ екенін хабарлады.

РФ-ның барлық химиялық қаруы 2017 жылы жойылды, ал АҚШ-та синтезделген «Новичок» улағыш заты батыстық бренд болып табылады және 140 нұсқада бар. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

«Ресейде бар барлық химиялық қару қатаң халықаралық бақылауда жойылғанын ресми түрде растаймыз. Бұл еңбекті қажет ететін үдеріс 2017 жылғы 27 қыркүйекте аяқталды, Сол жылдың 11 қазанында ХҚТҰ Техникалық Хатшылығының Бас директоры Ресей Федерациясындағы химиялық қаруды түпкілікті жоюды сертификаттады», — деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий