Жапония мен АҚШ Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады

Жапония СІМ басшысы Ёсимаса Хаяси мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Тараптар Ресейдің Украинаға басып кіруін алдын алу мақсатында ынтымақтастық туралы уағдаласты

Жапонияның сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяси жұма күні Мельбурнде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесіп, Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Бұл туралы жапондық сыртқы саясат ведомствосы хабарлады.

«Тараптар Украина шекарасы маңында Ресей әскерилерінің шоғырлануын ерекше назарға алып, Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына қолдау білдірді», — делінген СІМ хабарламасында.

Хаяси мен Блинкен «Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздеріндегі статус-квоны өзгертуге бағытталған біржақты әрекеттерге қарсы». Олар КХДР-ның зымыран-ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылық танытты. Жапония мен АҚШ Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықты талқылап, Америка президенті Джо Байденнің биылғы жылдың бірінші жартысында Токиоға сапарына дайындықты жалғастыруға келісті.

Жапония СІМ басшысы қауіпсіздік мәселелеріне арналған төртжақты диалог аясында АҚШ, Үндістан және Аустралия сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Мельбурн қаласында жүр. Соңғы уақытта Батыс елдері мен Украина билігі Ресей Украина аумағына басып кіреді деген мәлімдемелер жасауда. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды және негізсіз деп айтты. Ол Ресей ешкімге қауіп төндірмейтінін атап өтіп, Ресей әскерлері өз аумағында қозғалғанын еске салды. Сонымен қатар, Песков Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты күшпен шешетін болса салдары ауыр болатынын ескертті.

Добавить комментарий