Жапония билігі энергияны үнемдеу үшін ел тұрғындарынан жылу температурасын төмендетуді сұрады.
Сейсенбі күні өткен министрлер кабинетінің отырысында осындай шешім қабылданды.
Жапония үкіметі халық пен бизнес өкілдеріне 2015 жылдан бері алғаш рет осындай үндеу жасады. Ол 1 желтоқсаннан 31 наурызға дейін қолданыста болады, ол ешқандай мәжбүрлеу шараларын көздемейді. «Электр энергиясын жеткізу жағдайы қиын болып тұр, — деп мойындады сейсенбі күні Токиода өткен баспасөз мәслихатында экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Ясутоси Нисимура. — Біз зиян келтірмейтіндей етіп үнемдеуді сұраймыз».
Биліктің есептеуінше, әзірге елде электр энергиясының нақты тапшылығы қаупі төніп тұрған жоқ. Алайда үкімет шетелден сұйытылған табиғи газды сатып алуда проблема туындауынан, ескірген жылу электр станцияларындағы сынуынан және т.б. күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін деп қауіптенуде. Әзірге ең қауіпті жағдай Үлкен Токио аймағында және Хонсю аралының солтүстік-шығысында қалыптасып отыр. Алайда, ол жерде де, есептеулер бойынша, қаңтар-ақпан айларында электр энергиясын жеткізу сұраныстан 4%-ға артық болады.
Ел тұрғындарынан аталған кезеңде барлық керексіз электр құралдары мен жарықты сөндіріп, жылу температурасын төмендетіп, жылы киім киіп жүруді сұрайды, жылу үшін Жапонияда негізінен тұрмыстық кондиционерлер қолданылады. 2021 жылдың қыс мезгілімен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуды 3%-ға қысқартқан отбасыларға бонустық ұпайлар жүйесін қолдану жоспарлануда.