Жапон билігі Ауғанстан аумағындағы елшілігі уақытша жабылғанын хабарлады.
Қазіргі таңда дипломатиялық өкілдіктің барлық қызметкерлері эвакуацияланды. Бұл туралы елдің СІМ сейсенбі, 2021 жылғы 17 тамызда жариялады.
Елшілік 15 тамызда жұмысын тоқтатқан. Аталып өткендей, қазіргі уақытта дипломатиялық өкілдіктің барлық қызметкері Дубайға эвакуацияланды.
15 тамызда «Талибан» қозғалысының содырлары (ҚР-да тыйым салынған) Кабулды соғыссыз басып алып, бірнеше сағаттың ішінде ел астанасына толық бақылау орнатты.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қантөгіске жол бермеу үшін өз өкілеттігін тоқтатып, елден кеткенін хабарлады. Батыс елдері өз азаматтары мен елшіліктегі қызметкерлерін эвакуациялап жатыр.