Жапония Ауғанстанға жер сілкінісінен кейінгі зардаптарды жоюға көмек көрсетуге уәде берді
Жапония үкіметі жойқын жер сілкінісінен кейін Ауғанстанға көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бейсенбі күні өткен брифингте министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Сэйдзи Кихара мәлімдеді.
«Біз тез арада қажетті көмек көрсету үшін ақпарат жинап, мәселені пысықтап жатырмыз», — деді ол.
Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында сәрсенбіге қараған түні 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Соңғы ақпарат бойынша, 1,5 мыңға жуық адам қайтыс болған.