Жанармай құю бекетінде бензин болмаса, қайда қоңырау шалу керек

Энергетика министрлігінде жанар-жағармай құю станцияларында бензин мәселесі туралы қоңырауларды қабылдайтын қызмет жұмыс істейді.

Ведомстводағылар хабарлағандай, бензин тапшылығы үшін еш негіз бен алғышарт жоқ.

Министрлік бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде кейбір жанармай құю бекеттерінде бензин жоқ деген ақпарат пайда болғанына байланысты мәлімдеме жасады.

«Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарында жанар-жағармай өндірісі үздіксіз жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қор көлемі халықтың бензинге деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Егер жанар-жағармай құю станциялары бензиннің жоқтығын алға тартып, сатудан бас тартса, бұл туралы ақпаратты дереу WhatsApp-қа +7 777 999 52 18 телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Энергетика министрлігінің мамандары ақпараттың растығын тексереді», — делінген хабарламада.

Нарықта жанар-жағармай материалдарының бағасы негізсіз өсуі және жасанды тапшылық туғызу әрекеттері фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.

Добавить комментарий