Жамбыл облысының орман шаруашылықтарында техникалар толығымен жаңартылды

Жамбыл облысында дала және орман өрттерінің алдын алу, орман шаруашылығы мекемелерін материалдық-техникалық жаңарту, мемлекеттік орман қорын дамыту, сондай-ақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша іс-шаралар белсенді жүргізілуде.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпаратына сәйкес, мемлекеттік орман қорындағы орманшылықтарда 34 өрт бақылау мұнаралары жұмыс жағдайына келтіріліп, өрт қауіпті аумақтардағы 61 бекетте тәулік бойына кезекшіліктер құрылған.

Облыстың орман қорын өрт қауіпті маусымы бойы, Мойынқұм ауданында орналасқан «Қазавиа орман күзеті» РМК ұшағы мен тік ұшағы арқылы әуеден бақылау-мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Арнайы оқытудан өткен және қорғаныш киімімен жабдықталған 557 қызметкер мекемелер жанынан құрылған өрт сөндіру топтарында жұмыс істейді. Орман қорын күзетуге 72 бірлік жеңіл автакөлік орман шаруашылығы мекемелерінде кезекшіліктерге қойылған. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын толықтыру мақсатында 280,0 млн. теңге қаражат қарастырылып тиісті техникалар мен агрегаттар алу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде қажетті техникамен қамтылуы көрсеткіші 78 пайызды жетіп отыр.

Жалпы, соңғы үш жылда облыстық бюджеттен 583 млн теңге бөлініп, 21 трактор, 14 автокөлік және  183 дана агрегаттар алынған. Бүгінде облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 4 млн. 427 мың  га болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері  2 млн. 357 мың  га құрап отыр.

Орман қоры жерлері облыс  аумағының 30,8 пайызын алып жатыр. Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молықтыру және молайту туралы бекітілген кешенді жоспарға сәйкес облыс аумағында 140 млн ағаш егілуі тиіс болатын. Жоспар аясында 2022 жылдың көктем айларында 5190 га жерге 15,3 млн. дана ағаш көшеті отырғызылып, 250 га жерге 253 мың дана орман толықтыру жұмыстары орындалған.

Ағымдағы жылдың көктем айларында 5670 га жерге 16,6 млн. дана орман отырғызу және 350 га жерге 345 мың дана орман толықтыру жұмыстары орындалу қажет болған. Алайда, вегетациялық кезеңнің басталуына байланысты тек 5330 га аумаққа 15,6 млн көшет отырғызылды,  — деді Олжас Баққараев.

Соңғы 30 жылда Жамбыл облысының орман қорының жалпы көлемі 612 мың гектарға артқанын атап өткен жөн.

 

Добавить комментарий