Полиция қызметкері қызметтік көлікпен қарама-қарсы қозғалыс жолағымен жүріп бара жатып, әйелді қағып кетті. Алған жарақаттар салдарынан ол жедел жәрдем жеткенше, оқиға орнында қайтыс болды.
Адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
«Қазіргі уақытта қызметкер УҰИ-ға қамалды. Медициналық куәландыру 25 жастағы полицейдің алкоголь мен есірткі заттарын пайдаланбағанын растады. Бүгінгі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық бейнекамералардағы жазбалар мұқият зерттеліп, барлық қажетті сараптамалар тағайындалады», — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Жол апаты Шу қаласының вокзалы маңындағы Шу қаласында болған.
Оқиға куәгерлері жол апатынан кейін полиция қызметкері көліктен мемлекеттік нөмірді шешіп, қашып кетуге тырысқанын айтады.
Полициядағылар бұл жанжалды мәлімдемелердің барлығын үзілді-кесілді жоққа шығарып, әйел рұқсат етілмеген жерден өткенін айтады.