ТЖМ баспасөз қызметі Жамбыл облысында мазут қалдықтары бар цистерна жанып кеткенін хабарлады.
«Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында «Игілік» көпфункционалды кәсіпорны (қазандық) аумағында түбінде мазут қалдықтары бар авариялық жағдайда тұрған жұмыс істемейтін сыйымдылықтағы ыдыс өртке оранды», — делінген хабарламада.
Неліктен апатты жағдайда тұрған цистерна кәдеге жаратылмағаны хабарланбады.
Сағат 15:58-де қызыл жалын шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт оқиғасы орнына Талас ауданы ТЖ бөлімінің жедел тобы, № 12 өрт сөндіру бөлімінің 12 адамнан құралған жеке құрамы мен 3 техника шықты, — деп хабарлады ведомстводағылар.
Өрттің таралу қаупі жоқ.