Жамбыл облысында дауыл кезінде кәмелетке толмаған бала қайтыс болды

Жамбыл облысында соққан қатты желдің салдарынан адам шығыне болды. 17 жастағы жігіт қаза тапты, ал 49 адам жарақат алды.

Хабарланғандай, Тараз қалалық ауруханасына 41 науқас түсті. Оның төртеуі стационарға жатқызылып, қалған дәрігерлер қарап тексергеннен кейін үйіне жіберілді.

Облыстық балалар ауруханасына төрт бала түсті, олардың үшеуі емделуге жатқызылды, ал біреуі амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілді.

Байзақов аудандық ауруханасына төрт адам жүгінді, біреуі ауруханаға жатқызылды, үшеуі дәрігерлердің бақылауымен үйіне жіберілді.

«Медициналық көмекке жүгінгендердің басым көпшілігі терезе, ағаш, қақпа құлағаннан бас, аяқ-қол және тағы басқа дене жарақатын алған», — деп хабарлады басқармадан.

Бұдан басқа, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары кешегі табиғи апаттың бұрын жарияланбаған кадрларын көрсетті. Олардың бірінде бір топ адам, болжам бойынша оқушылар, қатты желге қарсы тұра алмай құлап жатқаны түсірілген.

Ал басқа видеода автор көпқабатты үйдегі пәтерін көрсетеді. Оның айтуынша, жел қатты болғаны соншалық, оның балконын жұлып кеткен.

Еске салайық, 17 қарашада Жамбыл облысында қатты жел соғып, боран болды. Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолының бір бөлігі жабылды, сондай-ақ Қаратау және Жаңатас қалаларынан шығатын жол жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты өңірдің барлық полицейлері азаматтарды аса қажет болмаған жағдайда жолға шықпау туралы ескерту жасаған. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Сондай-ақ, қатты жел салдарынан өңірдің бірнеше елді мекенінде газ құбырлары зақымданды. Тұрғындар газсыз қалды, мамандар жел басылған соң жөндейміз деп уәде берді.

Жамбыл облысында жел адамдарды ұшырып әкетіп, автокөліктерді аударып, шатырларды жұлып кетті.

Айта кетейік, көрші облыстарда да қолайсыз ауа райы байқалды. Қызылорда қалың қар жауып, облыс орталығының бірқатар аудандарында жарықсыз қалды, тасжолда көктайғақ болып, көліктер қаңтарылып қалды.

Ал Түркістан облысы Сарыағаш қаласында қоңыр түсті қар жауды. Бұған өңірде жуырда болған шаңды дауыл себеп болуы мүмкін.

Добавить комментарий