Жамбыл облысы: карантиндік ережелер жеңілдетілуде

Жамбыл облысында карантиндік ережелер айтарлықтай жеңілдетілді. Атап айтқанда, мектептерде оқытудың дәстүрлі форматын қайтару, театрлардың, діни нысандардың жұмысына рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушыларға 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді.

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2020 жылғы 5 қарашадағы № 40 «Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыға қол қойды.

Жаңа қаулыға сәйкес келесі өзгерістер енгізіледі.

2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушыларға 300 оқушыға дейінгі контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден бастап 5-ке дейінгі сыныптарға, халықаралық мектептерде — 7-сыныпқа дейін, ата-аналардың өтініші бойынша 15-тен аспайтын балалар сыныптарының жиынтығын сақтаған жағдайда оқуға рұқсат етілді.

Бұдан басқа, театрлардың қызметіне рұқсат етілген (толтырылуы 50% дейін, бірақ 100 адамнан аспайтын, санитарлық-дезинфекциялық режимі күшейтілген, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып.

Сонымен қатар, белгіленген талаптарды сақтай отырып, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогтар және т.б.) қызметіне рұқсат етілген.

Діни нысандарда, мешіттерде (бес уақыт намаз) толымдылығы 30%-ға дейін, бірақ 100 адамнан аспайтын, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимі күшейтілген залда ұжымдық қызмет көрсетуге рұқсат етілген.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Добавить комментарий