Жамбыл облысы: Граната жасырынған орын табылды

Жамбыл облысында атыс қаруы жасыныған орын табылды, олардың арасында граната болды.

ПД баспасөз қызметі тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылғанын хабарлады.

«Белгісіз адамдар сегіз бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, бір граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, “Krall” маркалы мылтықты және бір пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Добавить комментарий